«Азаматтарға арналған үкімет» төрағасының орынбасары тұтқындалды

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы» ҰАҚ басқарма төрағасының орынбасары Рашид Аманжолов қамауға алынды, деп хабарлайды «ҚазАқпарат» ХАА тілшісі. 

«Астана қаласының №2 Есіл аудандық соты 22 сәуір күні Аманжол Рашид Мәжитұлына қатысты екі айға қамауға алу туралы бұлтартпау шарасы қолданылды», - деп хабарлады Астана қалалық соты.

Рашид Аманжолов 1979 жылдың 13 қазан күні Алматы облысы Іле ауданы Қаран ауылында дүниеге келген. 2002 жылы Қазақ мемлекеттік аграрлық университетін инженер-механик мамандығы бойынша, 2005 жылы Орталық Азия университетін «Қаржы және несие» мамандығымен аяқтады.

Еңбек жолын 2003 жылы Алматы әкімдігі шағын бизнес департаментінде бас маманның міндетін атқарушы болып бастады. 2006 жылдан бастап Алматы қалалық әкімдігінде, Астана әкімінің аппаратында, Астана қалалық жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасында, ҚР Қорғаныс министрлігінде лауазымды қызметтер атқарды. 2017 жылдың 26 қаңтарында «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы» ҰАҚ басқарма төрағасының орынбасары болып тағайындалды.

Соңғы жаңалықтар