Әз Наурыз Қытайда қалай тойланады

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Наурыз  мейрамы бір ұлттың немесе бір ғана мәдениеттің емес - жалпы адамзаттың мұрасы. Бұл мейрамның UNESCO-ның Адамзаттың материалдық емес мәдени мұралар тізіміне енуі (2009 жылдың 30 қыркүйегі) - соның бір дәлелі. Ерте заманнан келе жатқан Наурызды тойлаудың дәстүрі әр өңірде, әр елде әртүрлі болғанымен, оның түпкі өзегі бір. 2010 жылдың 10 мамырынан бастап Біріккен Ұлттар Ұйымы Бас Ассамблеясының 64-қарарына сәйкес, 21 наурыз - Халықаралық Наурыз күні ретінде аталып өтіледі. Бас Ассамблея қарарында: «Наурызды көктем мерекесі ретінде 3000 жылдан бері Балқан түбегінде, Қара теңіз аймағында, Кавказда, Орталық Азияда және Таяу Шығыста 300 миллион адам тойлап келеді»  деп жазылған.

21-22 наурыз күндері Қытай Халық Республикасының Шыңжаң-Ұйғыр автономиялық өлкесін мекендеген қазақ, ұйғыр, қырғыз, татар, тәжік, өзбек және салар сынды түркітілдес халықтар Ұлыстың ұлы күні - Наурыз мейрамын өзіндік ерекшеліктерімен қарсы алады. Жұрт әртүрлі мерекелік, спорттық шаралар ұйымдастыра отырып тойлайды. Әрине, мұнда да басқа өңірдегі секілді Наурыздың ең басты ерекшелігі ретінде дастарқанға, ас мәзіріне көбірек көңіл бөлінеді. Бұл Наурыздың молшылық, ізгілік, адамдар арасындағы ынтымақ мерекесі екенін айғақтайды.
null 

Ұйғыр халқы Шыңжаңдағы саны ең көп ұлт болып табылады. Ресми дереккөз бойынша халық саны 11,270 миллионнан (2017 жылғы санақ) асады. Наурыз мейрамы ұйғыр тілінде «Норұз байрамы» (بايرامى نورۇز) деп айтылады.
null 

Әр жылы 22 нарыз күні жергілікті тұрғындар ұлттық киімдерін киіп, қала және аудан-ауыл орталықтарында өткізілген мерекелік шараларға қатысады. Сондай-ақ, ұлтық тағамдары палау және наурыз көжеден дәм татады.
null 

Бұдан бөлек, ұйғыр күресінен белдесіп, түйе жарыс, қошқар сүзістіру, ит және әтеш таластыру сияқты ұлттық ойындардан жарыстар өткізіледі.
null null 

Қазақтар Шыңжаңды тұрақты мекендеген ұлттар қатарына жатады. Жергілікті қазақ халқының жан саны 1,598 млн шамасында. Бұл көрсеткішпен қазақтар осы өлкедегі қытай және ұйғыр ұлттарынан кейінгі үшінші орында тұр.
 null 

Ұлыстың ұлы күні арғы беттегі ағайындар үшін де айрықша мереке саналады. Күн мен түн теңелген «жыл басы» жаңа жыл күні, әр отбасының қазанына соғымның сүрленген қадірлі мүшелері салынып, жеті дәмнен наурыз көже дайындалады. Алыс-жақын туыстар, көрші-қолаң бір-бірінің үйіне қонаққа келіп,  наурыз көжеден дәм татады. Әдетте Наурыз көже қалың қауымға арнап пісіріліп, үлкен «Тайқазандарда» дайындалады.
null 

Ал жастар жағы балуан, бәйге, теңге ілу, көкпар және қыз қуу сияқты ұлттық ойындар, сонымен - қатар, ақындар айтысы және мерекелік сауық-кеш ұйымдастырып, мерекенің мерейін асыра түседі.
null 
null 

Бұл күндері Шыңжаңда 200 мыңның астам қырғыз ұлты тіршілік етеді. Негізінен Қызылсу Қырғыз автономиялы облысында мекендеген Қытайдағы қырғыз ағайындар, Наурыз мерекесін әр жыл сайын тойлап келеді. Орталық алаңдарда мерекелік концерттер өтіп, олар ақсақалдардың батасымен басталады. Ары қарай «Манас» дастаны айтылып, ақындар наурыз жырын жырлайды. Көкпар тартылып, бәйге оздырады.
null 

Наурыз мерекесінде тәжік, татар және салар халықтары мерекелік кештер ұйымдастырып, ұлттық ән-би музыкаларынан өнерлерін көрсетеді.

null  

Соңғы жаңалықтар