Аюға сүт бермек болған мас адам қолынан айырылды

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат -  Иркутскіде аюлар жергілікті тұрғынның қойытылған сүтімен қоса қолын да жеп қойды.

Ауыр жарақат алған жанды дәрігерлер ауруханаға жеткізді.

Иркутск облысында "Централь» дәмханасынан қызара бөртіп шыққан адам аюларға қойытылған сүт бермек болған. Бұл үшін қоршаудан асып түсіп тәтті дәмді маймақ аяқтарға беру үшін қолын созған көрінеді.

Бірақ жыртқыштар жеңіл азықты көрген бойда ер адамның қолына жабысып, қашан дәмхана қызметкерлері байғұсқа  көмекке келгенше босатпаған.

РФ ІІМ МБ хабарлағандай, зардап шеккен жан ауруханада жеткізілген. Осы оқиға бойынша тексеру жұмыстары жүріп жатыр.

Соңғы жаңалықтар