Айман Мұсақожаеваның концерті Шанхайдағы залды лық толтырды

None
None
БЕЙЖІҢ-ШАНХАЙ. ҚазАқпарат - Бүгін Қазақстанның Халық әртісі, Қазақ Ұлттық өнер университетінің ректоры Айман Мұсақожаева Шанхай филармониясының шақыртуымен Шанхайда концерт берді, деп хабарлады «ҚазАқпарат» ХАА тілшісі.

Шараның ұйымдастырылуына «Рухани жаңғыру» бағдарламасына сай ҚР Мәдениет және спорт министрлігі, ҚР-ның Шанхайдағы Бас консулдығы қолдау көрсетті.

Шанхай филармониясы оркестірінің аккомпонентіндегі «Cadillac Shanghai Concert Hall»-дағы А.Мұсақожаеваның өнері қытайлық көрерменнің зор ықыласына ие болды. Отандасымыздың орындау шеберлігіне қытайлық тыңдармандар тәнті болды.
null 

А.Мұсақожаева П.И.Чайковскийдің күрделі скрипкалық туындысын орындады. Отандасымыздың өнерін эмоционалдық қарқын, музыкалық туындының күрделі мәнерін бере білуі ерекшелендіре түседі. Айман Мұсақожаева Е.Г. Брусиловскийдің «Бозайғырын» орындап, көпшіліктің құрмет-қошеметіне бөленді.

«Біз осындай шараларды көптеп өткіземіз. Бірақ бұл жолғысы жоғарғы шеберлігімен, П.И.Чайковскийдің классикалық музыкасының тартымдылығымен көптің есінде қалары даусыз. Шанхай филармониясының басшылығы бірлескен мәдени шараларды ұйымдастыру бойынша ынтымақтастықты ары қарай дамытуға мүдделі», - деді Шанхай филармониясы департаментінің директоры Пан Ин.
null 

Концерттің билеттері бір апта бұрын толығымен сатылып кеткен екен. Концерте қызығушылық зор болғандықтан, ұйымдастырушылар көрермендер үшін қосымша орын әзірлеген.

Конертке дейін Айман Мұсақожаева Шанхай музыкалық консерваториясының (Shanghai conservatory of music) ректоры Лин Цзайюнмен кездескен. 2018 жылдың қараша айында Айман Мұсақожаева мен ҚазҰӨУ студенттерінің концертін өткізу бойынша алдын ала келісім жасауға қол жеткізілді.

null 

Соңғы жаңалықтар