Айман Мұсақожаева студенттеріне Димаштан үлгі алуға кеңес берді

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Бүгін Қазақ Ұлттық өнер университетінің ректоры Айман Мұсақожаева Қытайдағы «Singer 2017» ән байқауына қатысып жатқан Димаш Құдайбергеновпен телефон арқылы сөйлесіп, өз кеңесін берді, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«Бүгінде біздің студенттер әлемдік сахналарда өнер көрсетіп жүргені баршаңызға аян. Осы орайда еліміздің атынан өнерін паш еткен Димаш Құдайбергенов ерекше қошеметке ие. Сонымен қатар ол біздің университеттің студенті болғандықтан, біздің мақтанышымыз. Димаш үшін күнде алаңдап отырамыз. Түстен кейін онымен телефон арқылы сөйлесіп, дайындық барысындағы жетістіктерін сұрадым. Ол өз кезегінде дайындық шаралары өте қиын екенін атап өтті»,-деді А. Мұсақожаева университет студенттерімен кездесу барысында.

Осы орайда университет ректоры студенттерге ағылшын тілін жетік меңгеру керектігін жеткізді.

«Мен кезінде Димашқа ағылшын тілін толық меңгеріп шық деп бірнеше рет айтқан болатынмын. Осындай үлкен байқауларда тілді білген артық емес. Менің ойымша, ол сіздер үлгі алатындай өте дарынды жас әнші.  Сондықтан өнерде өз орындарыңыз үшін күресуде Димаштан үйренетін тұстарыңыз баршылық»,-деді Мұсақожаева.

Соңғы жаңалықтар