Айман Мұсақожаева канадалықтарды өнерімен тәнті етті

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Торонтода Қасиетті Үштік шіркеуінің готикалық ғимаратының органдық залында Қазақстан Республикасының халық әртісі Айман Мұсақожаеваның концерті өтті, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«Страдиваридің ғажайып үнін есту үшін саясаткерлер мен іскерлер, ғылым мен мәдениет қайраткерлері, журналистер, қазақстандық диаспора өкілдері келді. Атап айтқанда, Айман Мұсақожаева концертте И.Брамс, Л.Бетховен, Ж.Массне, К.Сен-Санс және басқа да композиторлардың әлемдік классика туындаларын орындады. Залдың бірегей акустикасы тыңдармандарға қазақстандық приманың ерекше шеберлігін толығымен бағалауға мүмкіндік берді»,- деп атап өтілген ҚР Мәдениет және спорт министрлігі баспасөз қызметінің мәліметінде.
null

Маэстроны таныстыра отырып, Қазақстанның Канададағы Елшісі Константин Жигалов бұл А.Мұсақожаеваның Канада еліндегі бірінші концерті еместігін атап өтті. Ағымдағы жылы сәуірде ол Канада Сыртқы істер министрлігінің ғимаратында біздің елдер арасында дипломатиялық қатынастар орнатылуының 25 жылдығына орай концерт берген болатын.
null

Қазақстан мен Канада арасындағы парламентаралық ынтымақтастық тобының мүшесі сенатор Виктор Оу атап өткендей, ол А.Мұсақожаеваның сәуірде Оттавада өткен концертіне бара алмаған, сондықтан Торонтодағы концертке қатысу мүмкіндігіне ризашылығын білдірді. Осы орайда сенатор қазақстандық скрипка шебері Канадаға келесі жылы күзде жоспарланып отырған Қазақстанның мәдениет күндері аясында қайта келетініне үміт артты.

null

Соңғы жаңалықтар