Айман Мұсақожаева Италияның ұлттық орденіне ұсынылды

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Айман Мұсақожаева Италиядағы айтулы марапаттардың біріне ұсынылды, деп хабарлайды «ҚазАқпарат» ХАА Мәдениет және спорт министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

«Қазақстанның халық әртісі, Қазақ Ұлттық өнер университетінің ректоры Айман Мұсақожаева Астанадағы Италия Елшілігінің ұсынысымен Италия президенті С.Матарелланың атынан «Италия Республикасына сіңірген еңбегі үшін» орденінің иегері атанбақ. Аталған марапат Айман Мұсақожаева екі ел арасындағы мәдениет және білім саласындағы екіжақты ынтымақтастықты нығайтқаны үшін беріледі»,-делінген хабарламада.

«Еңбегі үшін» ордені Италияда 1951 жылдан бері ең алғашқы ұлттық марапат болып саналады және Республика Президентінің қолымен тапсырылады.

Естеріңізге сала кетейік, «Еңбегі үшін» орденін Қазақстандағы Италия Республикасының Елшісі Стефано Раваньян тапсырмақ.

Соңғы жаңалықтар