Айман Мұсақожаева Джон Малковичтің келу құрметіне Страдивари скрипкасымен өнерін паш етті

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Қазақстанның халық әртісі, «Еуразия» халықаралық кинофестивалінің президенті Айман Мұсақожаева Голливуд актері Джон Малковичтің Қазақстанға келу құрметіне орай Страдивари скрипкасымен өнер көрсетті, деп хабарлайды «ҚазАқпарат» ХАА тілшісі.

«Оскар» сыйлығының екі дүркін номинанты, актер, режиссер Джон Малкович бүгін Қазақ ұлттық өнер университетінде БАҚ өкілдерімен баспасөз мәслихатын өткізді. Мәслихат алдында актер үшін ЖОО өнерпаздары шағын концерт ұйымдастырды. Шара барысында университет ректоры Айман Мұсақожаева оркестрмен бірге екі ғасырлық тарихы бар Страдивари скрипкасымен Пабло де Сарасатенің «Наварра» мен Фриц Крейслердің композицияларын орындады.

Актердің келу құрметіне сондай-ақ, «Шабыт» күйшілерінің ансамблі «Сарыарқа» күйін шашу етті.

Еске сала кетсек, танымал актер Джон Малкович Қазақстанға осымен екінші рет келіп отыр. Бірнеше жыл бұрын ол Алматыдағы Қазақстан-Америка бірлескен кинофестиваліне қатысқан болатын. Осы жолы белгілі актер Астанада өтіп жатқан ХІІІ «Еуразия» халықаралық фестиваліне арнайы келді.

Соңғы жаңалықтар