Әйгілі швейцариялық төреші «ЭКСПО-2017 Кубогына» қазылық етеді

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Әйгілі швейцариялық төреші, ФИФА төрешілер департаментінің экс-басшысы Массимо Бузакка «ЭКСПО-2017» Кубогында бас қазы болады, деп хабарлайды «ҚазАқпарат» ХАА тілшісі.

Футбол әлеміндегі төрешілер есімінің танымалдығы футболшылардың танымалдығынан кем емес. Массимо Бузакканың есімі де әлемге әйгілі. Ол 2006 жылғы Әлем чемпионатының матчтары, Чемпиондар лигасы мен қазір Еуропа лигасы аталып жүрген УЕФА кубогына төрелік етті. Бузакка бас төреші болған маңызды матчтардың қатарында 2009 жылғы «Барселона» мен «Манчестер Юнайтед» арасындағы Чемпиондар лигасының финалын, сондай-ақ, 2007 жылғы «Эспаньол» мен «Севилья» арасындағы УЕФА Кубогының финалын атап өтуге болады.

Көптеген спорттық басылымдар Бузакканы әлемдегі үздік төрешілердің ондығына, кейде бестігіне енгізіп жатады. Массимо төрешілік мансабын 21 жасында бастаған. 28 жасынан бастап Бузакка швейцарлық жоғары лиганың матчтарына, 31 жасынан - Еурокубоктарға, 33 жасында Чемпиондар лигасының матчтарына, ал төрт жылдан кейін Әлем чемпионаттарының матчтарына төрелік ете бастады.

Айта кетейік, кеше ұйымдастырушылар «ЭКСПО-2017 Кубогына» қатысатын командалардың құрамын жариялады .

Соңғы жаңалықтар