Әйелін ұрған қостанайлық полицей жұмыстан қуылды

None
None
ҚОСТАНАЙ. ҚазАқпарат - Қостанай қаласының №2 соты жұбайын соққыға жыққан бұрынғы полиция қызметкеріне қатысты қылмыстық іс бойынша үкім шығарды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Полиция қызметкері Д жұбайына қасақана орташа ауыр дене жарақатын салғаны үшін ішкі істер органдарынан жұмыстан шығарылды.

Іс материалдары бойынша, ағымдағы жылдың 16 шілдесінде сағат 18.00 шамасында Д. қызымен кездесу үшін Қостанайдағы Строительный көшесінің бойындағы тұрғын үйлердің біріне келеді. Бұрынғы жұбайымен кездескен Д. қайта қосылуды ұсынады. Алайда жұбайының үзілді-кесілді қарсылығын естіген жігітте оған қастандық жасайды. Арам ойын жүзеге асырмақ болған Д. кішкентай қыз баласын таныстарының үйіне апарып тастайды.

Бұрынғы жұбайы А-ның қарсылығына қарамаған ол Федоров тас жолымен қала сыртына шығып, жұбайын көлік ішінде жұдырық астына алған.

Сот үкімімен Д. ҚР ҚК 107-бабы 1-бөлігі бойынша айыпты деп танылып, оған бір жыл мерзімге бас бостандығын шектеу жазасы тағайындалды.  Сонымен қатар, сотталушыны 240 сағаттық қоғамдық жұмысқа тартылды.

ҚР ҚК 49-бабы негізінде Д. полиция капитаны арнайы шенінен айырылды.

Жәбірленуші А. пайдасына сотталушыдан 250 мың теңге материалдық, 450 мың теңге моральдық залал өндірілді.

Сот үкімі заңды күшіне енген жоқ.

Соңғы жаңалықтар