Әйелін ұрған атыраулық 10 тәулікке қамалды

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Қызылқоға аудандық сотында 2017 жылдың 15 шілдесінен бастап қолданысқа енгізілген Қазақстан Республикасының № 84-VI заңымен ҚР Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексі жаңа 73-1, 73-2 баптарымен айыпталған азаматқа қатысты әкімшілік іс қаралды, деп хабарлайды ҚазАқпарат Атырау облыстық сотына сілтеме жасап.

«Құқық бұзушы А.И. алкогольден масаң күйде өзінің заңды некедегі зайыбы Ж.С-ны ұрып соғып, оның денсаулығына жеңіл дәрежедегі зиян келтірген. Сотта жәбірленуші Ж.С. бұлайша өзін ұру бірінші рет еместігін айтып, заңды шарасын қолдануды сұрады. Сот қаулысымен А.И. Қазақстан Республикасының әкімшілік құқық бұзушылық туралы Кодексінің 73-1-бабының 1-бөлігінде көзделген әкімшілік құқық бұзушылықты жасауға кінәлі деп танып, оған 10 тәулікке әкімшілік қамаққа алу жазасы қолданылды», - делінген соттың таратқан хабарламасында.

Соңғы жаңалықтар