Әйелін өзге дінге кірген деп пышақтаған шымкенттік сотталды

None
None
ШЫМКЕНТ. ҚазАқпарат - Оңтүстік Қазақстан облысында әйелін өзге дінге кіргені үшін пышақтаған тұрғын сотталды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Қаратау аудандық соты  Хайролла Нарметовты Қылмыстық кодекстің 106-бабы 1-бөлігі («Қасақана ауыр дене жарақатын салу») бойынша кінәлі деп танып, үш жылға бас бостандығынан айырды.

Айта кетейік, соттың соңғы отырысында айыпталушының әйелі Умида Нарметова өзіне пышақ жарақатын салған күйеуін перзенттері үшін  кешіретінін айтқан болатын.

Өз кезегінде сотталушының өзі жасаған әрекетіне өкінетінін жеткізді. Әрі әйелі мен оның анасынан кешірім сұрады.  Алайда Қаратау аудандық сотының судьясы Ермахан Рахманберді пышақ салған тұрғынға түзеу мекемесінде жазасын өтеу туралы үкім шығарды.

Еске салайық, Сайрам ауданының тұрғыны Хайролла Нарметов  әйелін пышақтап тастаған соң, қанға боялған пышағын көрсетіп әлеуметтік желіге салған еді. Ол тіпті «әйелімді басқа дінге өткені үшін өлтірдім» деп мәлімдегені белгілі. Осыдан кейін ауыр жарақат алған әйелі аурухананың жансақтау бөліміне түсіп, аман қалды. 

Соңғы жаңалықтар