Әйелін өлтіріп алған ер адам милицияға өзі келді

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Ыстықкөл маңындағы Тамшы ауылында отбасылық демалыс кезінде ер адам өз әйелін өлтіріп алды, деп хабарлайды Kabar.

Агенттіктің хабарлауына қарағанда, 14 тамыз күні Қырғызстан Республикасы ІІМ криминалды милиция қызметіне өз әйелін өлтіріп алғандығын айтып Бішкек қаласының А.У.есімді 49 жасар тұрғыны келген.  А.У. айтуынша, ол 11 тамыз күні Талас облысының тумасы, 36 жастағы әйелімен Ыстықкөл облысындағы Тамшы ауылына демалуға келген.

Демалыс күндерін өткізуді жоспарлаған олар жеке үй жайдан бөлме жалдаған. 12 тамыз күні шамамен сағат 22.30-да әйелі екеуі спирттік ішімдік ішкен. Сосын ерлі-зайыптылар арасында келіспеушіліктер орнаған. Мас күйдегі ері ашу үстінде әйелін қолымен буындырып өлтірген. Әйелінің көз жұмғанын түсінгенде, жалдамалы бөлмені сыртынан жауып, иесіне тағы бір күнге ақшасын төлеп, болған жайды милиция қызметкерлеріне хабарлау үшін Бішкекке шыққан.

Аталған дерек бойынша Қырғыз Республикасы ҚК 97-бабы бойынша (адам өлтіру) қылмыстық іс қозғалды.

 

 

Соңғы жаңалықтар