Әйелін көлікпен басып өлтірген көкшетаулық сотталды

None
None
КӨКШЕТАУ. ҚазАқпарат - Азаматтық некедегі әйелін қасақана көлікпен басып өлтірген 30 жастағы көкшетаулыққа сот үкімі шықты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі Ақмола облысының қылмыстық істер бойынша мамандандырылған ауданаралық сотына сілтеме жасап.

Белгілі болғандай, сотталушы азаматтық некедегі әйелімен сөзге келіп қалып, жары анасының үйіне барып тұрған.  Бірақ ер адам оған көнбей, одан үйіне қайтып келуін талап еткен.

Күйеуінен қорыққан әйел онымен кездесуден қашып жүрген. 2017 жылдың 27 желтоқсанында ол жарын ұстап алып, үйіне қайтып келуін тағы да талап етеді, қорқытады. Алайда, әйел таксиге отырып, кетіп қалады. Осы кезде, ол сол маңда тұрған өзінің көлігімен таксиді қуып жетеді. ЖШС-лардың бірінде есепші болып істейтін әйелін жұмыс орнына жете бергенде көлікпен басып өтеді. Ол оқиға орнында көз жұмады. Қылмыс жасаған ер адам қашып кеткен.  

Сот қылмыскерді ҚР ҚК  99-бабының 1-бөлігі бойынша кінәлі деп танып, 11 жылға бас бостандығынан айыру жазасын тағайындады. Сонымен қатар, зардап шеккен тарапқа 3 миллион теңге көлемінде өтемақы төлеуге міндеттелді.

Сот үкімі заңды күшіне енген жоқ.

Фото: kvedomosti.com

Соңғы жаңалықтар