Әйелді қағып кетіп, ізін суытқан жүргізуші РФ азаматы болып шықты - Қарағанды облысы

None
None
ҚАРАҒАНДЫ. ҚазАқпарат - Қарағандыда Ресей Федерациясының азаматы әйел адамды көлігімен қағып кетіп, оқиға орнынан ізін суытқан, деп хабарлайды «ҚазАқпарат» ХАА тілшісі.

«Наурыз мерекесі - 22 наурыз күні сағат 22:00-де белгісіз жүргізуші Мұқанов көшесінің бойымен Оңтүстік-Шығыстағы автостанцияға қарай бара жатып, жаяу жүргіншіні көлігімен қағып кетеді және өзі оқиға орнынан ізін суытады», - деп хабарлады өңірлік ішкі істер департаменті баспасөз қызметінің басшысы Бақытжан Құдияров.

Еске сала кетейік, жарақат алған әйел ауруханаға жеткізілді. Полицейлер автосервистегі барлық машиналарды тексеріп, жол апаты орын алған сәтте сол ауданнан өткен барлық көліктерді адрестері бойынша жауап алды.

«Жедел-іздестіру іс-шаралары барысында ІІД жергілікті полиция қызметінің іздестіру бөлімінің мамандары Қарағандының орталығында орналасқан автосервистердің бірінен зақым белгілері бар «Форд-Фокус» машинасын тауып алады. Автосервис бокстарының бірінен машина жүргізушісі - 33 жастағы Ресей Федерациясының азаматы тұтқындалды», - деп хабарлады Бақытжан Құдияров.

Ер кісі жүргіншіні қағып кеткеннен кейін жауапкершіліктен қорқып, қашып кеткенін мойындады. Оған қатысты ҚР ҚК 345-бабының 2-тармағы «Көлiк құралдарын басқаратын адамдардың жол жүрісі немесе көлiк құралдарын пайдалану қағидаларын бұзуы» бойынша қылмыстық іс қозғалды. 

Соңғы жаңалықтар