Әйелдер үшін ең қауіпті қала анықталды

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Каир әйелдер үшін ең қауіпті мегаполис деп танылды. Thomson Reuters Foundation ұйымының рейтингінде 10 миллионнан астам тұрғыны бар Мысыр астанасы нәзік жандылар үшін қауіпті қала ретінде көш бастады, деп хабарлайды ТАСС.

Тізімге әлемнің 19 ірі қаласы енген. Арнайы мамандар осы қалалардағы сарапшылардың пікірімен санасып, зерттеу жүргізген. Олар қалаларда әйелдер өздерін қаншалықты қауіпсіз сезінетіндігіне талдау жасаған.

Каир әйелдерге сексуалдық күш көрсету бойынша тізімнің басына шықты. Өйткені мереке күндері немесе халық көп жиналған жерлерде әйелдерге қатысты күштеу, зорлау оқиғалары жиі орын алады. Оған тіпті әйелдердің «исламдық дресс-код» - жабық киімдер мен басына хиджаб жамылғысы да көмектесе алмайды екен. 

Соңғы жаңалықтар