Әйелдер арасындағы ұлттық құрама Грузияда додаға түседі

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Әйелдер арасындағы Қазақстан ұлттық құрамасы 6-12 сәуір аралығында 2019 жылғы әлем чемпионатының іріктеу турнирінде бақ сынайды.

Қазақстан құрамасының сапына шақыртылған қыз-келіншектер 27 наурыздан бері Талғарда оқу-жаттығу жиынын өткізуде. Әрі осы жиын барысында мұқият медициналық тексерістен өтеді. Жаттығу жиыны 2 сәуірге дейін созылады. Ал 3 сәуірде бұрымды футболшыларымыз Тбилисиге аттанады.

Атап өткеніміздей, 6-12 сәуір аралығында 2019 жылғы әлем чемпионатына іріктеу турнирінің бірінші сатысындағы ойындары өтеді. Қазақстан арулары «А» тобына түскен. Бұл төрттіктің ойындары Грузия астанасында өтеді. Қарсыластары - Эстония, Латвия және Грузия құрамалары.

Ал «А» тобының ойындар күнтізбесі келесідей:

6 сәуір

16:00. Эстония - Латвия

18:00.  Қазақстан - Грузия

 

8 сәуір

16:00. Қазақстан - Латвия

18:00.  Грузия - Эстония

 

11 сәуір

18:00. Эстония - Қазақстан

18:00. Латвия - Грузия

 

Талғардағы оқу-жаттығу жиынына бапкерлер алқасы төмендегі қыз-келіншектерді шақырды: қақпашылар - Мәдина Шойкина («БИІК-Қазығұрт»), Оксана Железняк («БИІК-Қазығұрт»), Александра Гребенюк («БИІК-Қазығұрт»);

қорғаушылар - Ұлболсын Жолшиева («БИІК-Қазығұрт»), Екатерина Красюкова («БИІК-Қазығұрт»), Юлия Мясникова («БИІК-Қазығұрт»), Мария Демидова («БИІК-Қазығұрт»);

жартылай қорғаушылар - Бегайым Қырғызбаева («БИІК-Қазығұрт»), Сәуле Кәрібаева («БИІК-Қазығұрт»), Мәдина Жаңатаева («БИІК-Қазығұрт»), Әйгерім Әйтімова («Астана»), Камила Құлмағамбетова («БИІК-Қазығұрт»), Жәмилә Қайырбекова («Оқжетпес»), Әйгерім Әлімқұлова («Оқжетпес»), Карина Жұмабайқызы («БИІК-Қазығұрт»), Екатерина Бабшук («БИІК-Қазығұрт»), Аида Гайстенова («Астана»), Адиля Вылданова («БИІК-Қазығұрт»), Ксения Хайрулина («БИІК-Қазығұрт»), Юлия Николаенко («БИІК-Қазығұрт»);

шабуылшы - Светлана Бортникова («БИІК-Қазығұрт»).

Жаттықтырушылар:

Айтбай Жамантаев - бас бапкер, Владимир Ляпкин - аға жаттықтырушы, Ержан Сунақов - қақпашылардың жаттықтырушысы, Анна Кадуцкая - дене даярлығы жаттықтырушысы, Светлана Бейбутова - дәрігер.

 

Дереккөз: Астана футбол федерациясы 

Соңғы жаңалықтар