«Әйелдер арасындағы GGG» атанған қазақ қызы алғашқы жекпе-жегін өткізді

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - АҚШ-тың Калифорния штатындағы Коммерс қаласында қазақстандық боксшы Аида Сатыбалдинованың кәсіпқой бокстағы алғашқы кездесуі өтті, деп хабарлайды Sports.kz.

Ол жеңіл салмақта америкалық Лиза Портермен (1-1-1) екі минуттан төрт раунд жұдырық түйістіріп, тең түсті.

Еске сала кетейік, боксқа арналған белгілі EsNews Youtube-арнасы және оның жүргізушісі Эли Секбах Сатыбалдинованың соққысын оның отандасы, орта салмақта WBA Super, WBC, IBF және IBO нұсқалары бойынша әлем чемпионы Геннадий Головкиннің (37-0-1, 33 КО) соққысымен салыстырған болатын. Аиданың өзі де GGG-дің өнері ұнайтынын айтқан еді.  

Соңғы жаңалықтар