Әйел такси жүргізушісінің өлімі: Қарағандының үш тұрғыны сот алдында жауап берді

None
None
ҚАРАҒАНДЫ. ҚазАқпарат - Әйел такси жүргізушісін өлтіріп, қылмыс ізін жасырған Қарағанды облысының үш тұрғыны сотталып жатыр, деп хабарлайды «ҚазАқпарат» ХАА тілшісі.

Үш кідікті де қылмыстарын мойындады. Олардың бірі адам өлтірді деп, екеуі - қылмыскерге көмектескені үшін айыпталуда. Олар әйелдің денесін саяжай аумағындағы құдыққа тастауға көмектескен.

Қарағанды облыстық қылмыстық істер бойынша мамандандырылған ауданаралық сотының судьясы Бекзат Шалғымбаев такси жүргізушісін неше адамның өлтіргенін анықтайды. Туыстары оны үш адамның өлтіргеніне сенімді, себебі қылмыскер біреу болса, оның әлі жететін еді. Қаза тапқан Юлия Стронкус кикбоксингпен айналысқан.

Еске салайық, 28 қазанда Қарағанды маңындағы Ақтаста такси қызметінде жұмыс істейтін әйелдің мәйіті табылған еді. 28 жастағы Юлия соңғы тапсырысын такси қызметінің диспетчерінен алған. Такси қызметінің кеңсесіне бірнеше жігіт келіп, Шахтинск қаласына жеткізетін көлік сұраған. Тапсырысты орындау кезегі Юлия Стонкусқа келген. Ол жігіттерді «Мерседеске» отырғызып жүріп кеткен. Олар жолда Қарағандыдағы Орталық әмбебап дүкенге кіріп, ол бір литр арақ сатып алып, көлікте ішкен. Олар саяжай маңына келгенде, көлік бұзылады. Ашуланған клиент бойжеткеннің басынан таспен ұрған, кейін саяжайда күзетші болып жұмыс істейтін достарын шақырған. Үшеуі оның денесін құдыққа тастаған. 

null 

Соңғы жаңалықтар