Айдың ерекше құбылысы: Кімдердің зардап шегуі мүмкін

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Мамандар Айдың Жерге жақындау құбылысынан кімдер көбірек зардап шегетінін айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат НСН сілтеме жасап.

Еске сала кетейік, 4 желтоқсанда Айдың ерекше құбылысы байқалатындығы туралы бұған дейін хабарлаған болатынбыз.

НСН-ға берген сұхбатында психиатр-криминалист Михаил Виноградов, психикасы тұрақсыз адамдар мұндай құбылыстарды көргенде үрейленетіндігі туралы айтты.

«Адамдар бәрібір қорқады. Әрине, әдеттегіден үлкен Ай Жерге жақындап келе жатқанын көру адамға қорқыныш сезімін шақырары шындық», - дейді ол.

Дүйсенбі күні Айдың таңғажайып құбылысын - әдеттегіден үлкен Айды көруге болады Желтоқсандағы Айдың толуы 3 желтоқсан күні Астана уақытымен 21:49-да шегіне жетеді. Ал 4 желтоқсан күні шамамен сағат 11:43-те Ай Жерге 2017 жылдағы ең жақын нүктесіне жақындайды.

Айта кетсек, Мәскеудің профилактикалық медицина жөніндегі бас маманы Нана Погосова РИА Новостиге берген сұхбатында Айдың Жерге ең жақын нүктесіне келгенде толуы ерекше әсерленгіш, көңілшек адамдардың психикалық күйіне әсер етуі мүмкін екенін, алайда жалпы, бұл құбылыстан ешкім ешқандай зардап шекпейтінін айтты.

Соңғы жаңалықтар