Айдын Айымбетовтің кителі мұражайға табысталды

None
None
ТАЛДЫҚОРҒАН.ҚазАқпарат - Талдықорғандағы Мұхамеджан Тынышпаев атындағы облыстық тарихи-өлкетану музейінің қоржыны ерекше экспонатпен толықты. Айдын Айымбетовтің атасы музейге ғарышкердің кителін табыстады, дейді ҚазАқпарат тілшісі.

Халықаралық музей күніне орай өткен  «Музейдегі түн» шарасы ерекше ұйымдастырылды. Музей қызметкерлері сақ патшайымы Тұмар ханым, Қабанбай батыр, қазақ әдебиетінің классигі Ілияс Жансүгіров және тағы тұлғалардың кейпіне еніп, түрлі қойылымды халық назарына ұсынды. Музей қызметшілерін кәсіби мерекелерімен құттықтау мақсатында облыс әкімінің орынбасары Жақсылық Омар арнайы барды.

«Музейдегі түн» шарасы - келушілердің санын арттыруға негізделген мәдени шара. Музей тарихты, ата-бабаларымыздың ұлы мұрасын сақтап, жасөспірімдердің тәрбиесіне оң ықпалын тигізеді. Бүгінгі күні Алматы облысында 22 музей жұмыс істеуде, мемлекет қолдауының арқасында облыста мәдени мұралардың сақталуына айрықша көңіл бөлінеді. Музейге келушілерді қызықтыратын бағдарламалар әзірлеуде музей қызметкерлері де үлкен үлестерін қосуда. Осы сәтті пайдалана отырып, баршаңызды облыс әкімінің атынан Халықаралық музейлер күнімен құттықтап, Сіздерге шығармашылық табыс, музейлеріңіздің іргесі кеңейіп, дамуын тілеймін», - деген тілегін Жақсылық Мұқашұлы шараның ашылу салтанатында білдірді.

null

Мерекелік бағдарламаға сәйкес келушілер назарына әскери оркестрдің сүйемелдеуімен «Әр замандағы қару-жарақтар» көрмесі ұсынылды. Онда Алматы облысы ІІД-ге уақытша пайдалануға берілген қарулар топтамасы қойылған.

«Археология» залында облыстық Б.Римова атындағы драма театр әртістерінің орындауында «Тұмар ханымның Кир патшаны жеңуі» атты театрландырылған сахналық көрініс қойылды. Ал «Ортағасырлық қалалар тарихы» атты экспозициялық кешенде Есік музейінен әкелінген көне жәдігерлер қойылып, саз балшық пен қыштан жасалған ыдыс-аяқтар мен түрлі бұйымдар жасаудың шеберлік сағаттары көрсетілді. «Экспонаттар сарыны» шарасы аясында музейде «Қобыз сарыны» ансамблінің орындауындағы күйлер мен М.Төлебаевтың музыкалық шығармалары орындалды.

Соңғы жаңалықтар