Айдар Шарибаевтың 29 қазанда кездесетін қарсыласы анықталды

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Осыған дейін хабарланғанындай, жеңіл салмақта өнер көрсететін Diamond Ring командасының мүшесі Айдар Шарибаев өзінің кәсіби бокстағы 4-ші кездесуін өткізбек, деп хабарлайды ҚазАқпарат sports.kz сайтына сілтеме жасап.

Бұл кездесу де Айдар үшін өзінің туған аймағы - Алматыда Қанат Ислам-Патрик Аллотей шоуының аясында 29 қазан күні «Алматы Арена» спорт кешенінде өтеді.

Айдардың қарсыласы мексикалық «у» деген лақап атпен белгілі Хуан Окура. Латынамерикалық боксшының есебінде 18 кездесу бар. Соңғы сайысын 29 жасар боксшы ресейлік Александр Подольскийге қарсы өткізіп, ұпай саны бойынша жеңілді.

Айдар Шарибаев үшін бұл ең алғашқы күрделі сынақ болмақ. Мексикалық былғары қолғап шеберлері оңайлықпен берілмейтін табандылықтарымен танымал. Осыған қарай Айдарға қарсыласын нокаутқа жіберу де оңайға соқпасы анық. Жалпы, Хуан Окура тәжірибелі боксшы, мексикалық бокс стилінің жарқын жұлдызы.

Дегенмен, Шарибаевтың да ерекшеліктері аз емес. Соның бірі - оның өте ауыр соққысы.

Жеңіл салмақтағы кездесу 6 раундқа есептелген.

Осы күні рингке Айдардан басқа Жәнібек Әлімханұлы, Жанқош Тұраров, Руслан Мырсатаев, Али Ахмедов және Айдос Ербосынұлы сияқты қазақстандық боксшылар да өнер көрсетеді.

Соңғы жаңалықтар