Айдан ғылыми база салуға болатын 50 шақырымдық үңгір табылды

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Жапон ғалымдары Ай бетінде ғылыми база салуға болатын үңгір тапты, оның ұзындығы 50 шақырымға созылып жатыр, деп хабарлайды Жапония Ұлттық аэроғарыш агенттігі JAXA.

Аса үлкен үңгірді жапон зерттеу зонды «Кагуя» тапқан. Табиғи қуыс Айдың арғы жағында, Мариус кратерінің астында орналасқан.

«Кагуя» алдымен үңгірдің кіреберісін суретке түсірген, кейіннен электромагниттік басқару арқылы оның ішкі құрылысын да зерттеу мүмкіндігі туды.

Ғалымдар ұзын үңгірдің шамамен 3,5 миллиард жыл бұрын жанартау белсенділігінің нәтижесінде түзілгендігін айтады.

Соңғы жаңалықтар