Аяз күшіне мінгенде Теміртаудағы жылыту қазандығы істен шықты

None
None
ҚАРАҒАНДЫ. ҚазАқпарат - Теміртау тұрғындары пәтерлеріндегі температураның 10 градусқа дейін төмендегенін айтып шағымданып жатыр. Оған себеп, ЖЭО-2 қазандығында жүргізіліп жатқан жөндеу жұмыстары, деп хабарлайды «ҚазАқпарат» ХАА тілшісі.

Жылу беру орталығының тоқтаусыз қызметіне жауап беретін «АрселорМиттал Теміртау» компаниясының баспасөз қызметі мәлімдегендей, жылу құрылғысы бір тәуліктің ішінде жөнделіп, бүгін кешке дейін іске қосылмақшы.

«ЖЭО-2 жұмыс істеп тұр. Қаланы жылуды 4 қазандық қамтамасыз етеді.  22 қаңтар күні кешке дейін №2 қазандық іске қосылады, ол 21 қаңтарда жөндеуге жабылған. Осыған байланысты жылудың жетіспеушілігі 10 градусты құрады. Алдағы тәулікте температура қалыпты жағдайға қайта келеді»,-деп хабарлады компанияның баспасөз қызметі. 

Соңғы жаңалықтар