Аяз қандай жағдайда өзінің нақты температурасынан суық болып сезіледі?

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - «Қазгидромет» РМК мамандары «ҚазАқпарат» ХАА тілшісіне көптің аузында жүрген «сезілу» температурасының мән-мағынасын түсіндіріп берді, деп хабарлайды «ҚазАқпарат» ХАА тілшісі.

«Термометр -34 градусты көрсеткенімен, күннің суықтығы -40 градус секілді сезіледі» деген мазмұндағы әңгіме қазір көптің аузында жүр.

««Сезіледі» немесе әсерлі температура - метеоэлементтер кешенінің адамға әсерін көрсететін (ауа температурасы мен жел жылдамдығы), екеуі де бір биометеорологиялық индекс. Математикалық формулалардың арқасында адамның температураға көлеңкелі тұста кетіп бара жатқандағы әсерін есептеп шығаруға болады», - дейді синоптиктер.

Осылайша, 22 қаңтар күні Астанада таңғы сағат алты шамасында ауа температурасының көрсеткіші минус 34,4 градус болып, жел секундына 7 метр жылдамдықпен соққан. Осы екі параметрді қолдана отырып, синоптиктер аяздың минус 58,4 градус секілді сезілетінін есептеп шығарған. Бүгін таңғы сағат алты кезінде ауа температурасы минус 37,5 градусты, секундына 6 метр жел жылдамдықты көрсеткен. Температура 55,5 градус  секілді сезілген.

ТЖ комитеті дымқыл күйде, желдің қатты соғып тұрған шағында адам су киіммен тұрған жағдайда ауа температурасы нөлді көрсетіп тұрса да, кісінің үсікке шалдығуы мүмкін екенін ескертеді. Егер адам аш немесе шаршаңқы, сырқат немесе мас болса, үсіп қалу қаупі асқына түседі.

Тіннің (ткань) үсу деңгейі әртүрлі. Алғашқы деңгейде дене қызарып, домбығып ісініп кетеді. Екінші кезеңінде денеде қабыршақ пайда болса, үшінші кезеңінде тері жансызданады. Төртінші кезеңде адамның дене мүшелері, мәселен саусақтары жансызданады.

Мамандардың айтуынша, үсіктен зардап шеккен адамды бірден жылытуға болмайды. Мысалы, ондай адамды жылы ваннаға немесе грелкаға, отқа жақындатпаған абзал. Себебі, мұндай жағдайда зақымдалған тіндерге бірден жылу жетіп, қанға оттегі бармай қалуы ықтимал. Мұның арты инфекцияның пайда болуына әкеп соғады. Адамды жылыту үшін алкоголь ішкізудің де зияны баршылық.  

Тоңып қалған адамның қолы немесе аяғын баппен өз қолыңызбен немесе шашақты мойынорағышпен ысқылаған жөн. Қолғапты шешіп, қолды үрлеп жылытып, өкшені жоғарыдан төменге қарай ысқылаған дұрыс.

Адамды қатты үсік шалғанда (есінен танып қалса) зақым келген мүшені жылы жапқыштармен, мүмкіндік болса бірнеше қабат мақтамен, дәкемен орап тастау керек. Содан кейін бірден жылы орынға жеткізуге тырысқан абзал. Ең дұрысы, дәрігерді бірден шақыру керек. Оралған аяқты немесе қолды дәрігер келгенше шешпеген дұрыс.

Үсік шалса, кез келген жылы сусынды (кофе, шай, сүт), аспирин немесе анальгинді ішкен дұрыс. Сонымен бірге ношпаның екі таблеткасын, корвалолдың немесе валокординнің 15-20 тамшысын жұтқан жөн. Одан кейін тілдің астына валидолдың немесе нитроглицериннің таблеткасын салып қойып, дәрігерді күту керек.

Соңғы жаңалықтар