«Аялаған Астана-2017» байқауының финалистері анықталды

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - «Аялаған Астана-2017» Балалар арасындағы V республикалық телевизиялық байқауының ақтық сынына 12 қатысушы іріктеп алынды.

Конкурсанттар Қазақстанның түрлі өңірлерінен келеді. Елорда атынан екі әнші қатысады. Бұл туралы Астана қаласының мәдениет, мұрағаттар және құжаттама басқармасынан хабарлады.

«Аялаған Астана» байқауының іріктеу кезеңі 1 қаңтар мен 15 ақпан аралығында өткен болатын. Финалистерді анықтау мақсатында бас продюсер Лина Арифуллина бастаған комиссия 300-ден астам баланың өнеріне баға берді.  Байқау үміткерлерінен түскен бейнежазбаларды тыңдау барысында төмендегідей конкурсанттар ақтық сынға жолдама алды:

1.     Айдана Жәлелова (Семей)

2.     Алан Мерғали (Орал)

3.     Әлібек Азамат (Алматы)

4.     Әмина Жапар (СҚО, Тайынша қаласы)

5.     Арайлым  Берік (Қызылорда)

6.     Аялан Мұқанов (Қостанай)

7.     Бейбарыс Айтмұғамбетов (Ақмола облысы Ерейментау қаласы)

8.     Илья Кошиков (Қарағанды)

9.     Каринэ Болат (Астана)

10.   Луиза Нұрқуатова (Ақтау)

11.    Мәди Аманбаев (Жезқазған)

12.   Томирис Маратова (Астана)

Байқаудың екінші кезеңі - финалдық шоуға дайындық ретінде 27 наурыз бен 2 сәуір аралығында өтеді. «Аялаған Астана-2017» Балалар арасындағы V республикалық телевизиялық байқауының Гран-при иегері анықталатын ақтық сын 2017 жылы 2 сәуірде болады», - делінген хабарламада.
null  

Байқау қатысушыларының өнерін білікті қазылар алқасы бағалайды, оның құрамына отандық және танымал шетелдік әншілер енбек. Сонымен қатар халықаралық байқаулардың талабына сәйкес, көрермендер жеңімпазды СМС дауыс беру арқылы таңдай алады.

Байқаудың ең үздік орындаушысы «Детская Новая волна» халықаралық байқауында Қазақстан намысын қорғайтын болады.

Айта кетейік, «Аялаған Астана» ән додасына 7 мен 13 жас аралығындағы жас әншілер қатысады.   

Соңғы жаңалықтар