Аяқ астынан ауырған әйел қалалық автобуста көз жұмды

None
None
ПЕТРОПАВЛ. ҚазАқпарат - Петропавлда жолаушы бағдарлық автобустың ішінде көз жұмды, деп хабарлайды «ҚазАқпарат» ХАА тілшісі.

СҚО ІІД баспасөз қызметі қаза тапқан әйелдің аты-жөні анықталып, болған оқиға туралы оның туыстарына айтылғанын хабарлады.

Автобустағы куәгерлердің әлеуметтік желіге жазған ақпараттарына сүйенсек, жас мөлшері  шамамен 40-45 жас аралығындағы әйелдің аяқ-астынан халі күрт нашарлаған. Көліктегілер оған шамалары келгенше көмек қолын созып, жүргізуші автобусты бірден ауруханаға бұрған.

Өкінішке қарай  жолаушының өмірін сақтап қалу мүмкін болмады.  

Соңғы жаңалықтар