Аягөз тұрғыны таксиге жалған 20 мың теңге төлеген

None
None
ӨСКЕМЕН. ҚазАқпарат - Шығыс Қазақстан облысы Аягөз қаласында полицияға 65 жастағы таксист жүгінген. Ол алаяқтың арбауына түсіп қалғанын хабарлаған. Кешке таксистің темір жол вокзалынан қаланың басқа жеріне белгісіз бір әйелді жеткізіп салғаны анықталды.

Ол 20 мың купюра төлеген. Қызметіне 500 теңге алған ер адам әйелге  19 мың 500 теңге қайтарған. Кейіннен таксист ақшаның жалған екенін байқайды. Полицей жедел іздеу шаралары барысында алаяқты анықтап, ұстады. Ол 34 жастағы жергілікті тұрғын болып шықты.

Соңғы жаңалықтар