Автобустар таңғы сағат 6-ға дейін жүретін болады - Астана әкімі Исекешев

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Қала басшысы Әсет Исекешевтің айтуынша, алдымен автобус жүргізушілеріның тапшылығы мәселесін шешіп алған жөн. Осыдан кейін қоғамдық көліктердің жүру уақытын ұзартуға болады, деп xабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Біз жаңа 338 автобусты жеткізгеннен кейін қоғамдық көліктердің қозғалысын түнде ұйымдастыруды жоспарлап отырмыз. Ондай тәжірибе әлемнің көптеген мегаполистерінде бар. Сондықтан біз бірқатар бағдарлардың жұмысын таңғы сағат 6-ға дейін ұзартуды көздейміз. Өйткені таңғы уақытта жұмыс істейтін азаматтар аз емес. Сол себепті алдымен түнгі 12-ге дейін ұзартып көрейік. Дегенмен, ең бастысы, автобус жүргізушілері мәселесін шешіп алған жөн. Олардың жалақысын қарап, екі ауысымда жұмыс істеуін ұйымдастыру қажет. Себебі көлік жүргізушісі таң атқаннан бастап, түнге дейін істесе, жол-көлік оқиғалары жиілеп кетуі әбден мүмкін», - деді қала басшысы Астана қаласының көліктік кешенін дамыту бағдарламасына арналған қоғамдық тыңдаулар барысында.

Исекешевтің сөзіне қарағанда, бүгінде елордада қоғамдық көлік жүргізушілерінің тапшылығы мәселесі бар. Бүгінде қалада осы санаттағы 1 500 маман жетіспейді.

Соңғы жаңалықтар