Автобус пен тепловоздың соқтығысуынан әйелдің бұғанасы сынып кеткен - Қарағанды облысы
«Кеше сағат 12:51 шамасында жедел жәрдем қызметінің станциясына қоңырау келіп түсті. Зардап шеккендер үшін дәрігерлердің екі бриагадасы шығып, оқиға орнына 3-4 минуттың ішінде жетті. 47 жастағы әйелдің бұғанасының сынғаны анықталып, ол бірден Мақажанов атындағы клиникаға жіберілді. 17 жастағы бойжеткеннің миы шайқалып, қасы жырылып кеткен. Оны дәрігерлер облыстық медициналық орталыққа апарды», - деді басқарманың баспасөз хатшысы Айжас Иса.
Айжан Иса, үшінші зардап шегушіні Медициналық апаттар орталығының қызметкерлері қарағандықтан, оның қазіргі жағдайы туралы ақпарат бере алмайтынын жеткізді. Ол орталық Төтенше жағдайлар департаментіне қарасты.
«Біздің бригада келген кезде ол пациент оқиға орнында жоқ болатын», - деді баспасөз хатшысы.
Еске сала кетсек, Қарағанды облысында тепловоз бен автобус соқтығысқан болатын. Жол-көлік оқиғасы салдарынан үш зардап шегуші ауруханаға жеткізілген.