Автобус өртінен қаза болғандардың алдын ала тізімі жарияланды

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Ақтөбе облысы аумағында автобус өртінен қайғылы қазаға ұшыраған адамдардың алдын ала тізімі жарияланды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Өзбекстанның Төтенше жағдайлар жөніндегі министрлігі Қазақстанның Ақтөбе облысы Ырғыз ауданы аумағында қаза болған және зардап шеккен өзбекстандықтардың аты-жөнін жариялады. Тізімді мына жерден көруге болады. 

Жалпы осы алдын ала тізімде қаза болған 29 адамның есімдері анықталған. Олардың барлығы Өзбекстанның Наманған облысынан.

Бұдан бұрын хабарланғандай, кеше болған өрт кезінде 52 жолаушы қаза болды, бес адам аман қалды. Аман қалғандар Ақтөбе облысындағы ауруханаға жеткізілді. Барлығы 57 адам Ресейге бармақ болған. 

Соңғы жаңалықтар