Австриялық бизнес өкілдері қазақ инвесторларына қолайлы ұсыныс жасады

None
None
Алматы. ҚазАқпарат - Алматыда Австрия елінің бизнес өкілдері қазақ инвесторларына Еуропаға инвестиция салудың қолайлы мүмкіндіктері туралы айтып берді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Австрия Қазақстандық бизнеске не ұсына алады? Еуропалық Одақтағы ең инновациялық және табысты елдердің бірі. Ұйым болашақта еуропалық және әлемдік нарықтарға шығады, осыған қарай экономиканың түрлі секторларында жаңа жобаларды ұсынады. Сөйтіп, бизнесті дамытудың жаңа мүмкіндіктерін ашады. Бүгінгі ғаламдық және қазақстандық бизнес осы мүмкіндіктерге ұмтылуда. Тартымды салық құқығы, сонымен қатар, әлемдік және аумақтық бизнес бағыттарын ары қарай тиімді басқару мүмкіндіктері Австрияның қазақстандық инвесторларға ұсынатын мүмкіндіктердің бір парасы ғана», - дейді Қазақстандағы Австрия елшілігінің жаңа кеңесшісі Михаэль Мюллер.

Елшілік өкілінің айтуынша, Австрия инновациялық жобаларды арттыру үшін R&D саласына айрықша көңіл бөледі. Нақтылап өтсек, австриялық компаниялардың инновациялық зерттеу жұмыстарына жұмсалатын қаржысының 14 пайызы кері бонус ретінде үкімет тарапынан сол компанияға қайтарылады. Мұндай қолдау Австрияда тіркелген шетелдік компанияларға да беріледі.

Айта кетсек, 2017 жылы Қазақстан мен Австрия дипломатиялық және сауда қатынастарының 25 жылдығын атап өтті. Австрия үшін Қазақстан ТМД елдері арасында маңыздылығы бойынша үшінші ел саналады. Қазақстан мен Австрия арасындағы сауда айналымы өткен жылы 1 миллиард еуродан асты.

Соңғы жаңалықтар