Австрияда сириялық босқын 20 адамды өлтіргені үшін сотталуда

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Австрия билігі Сириядан келген 27 жастағы босқынға Хомсадағы шабуылдан кейін қарусыз немесе жараланған 20 сириялықты атып өлтірді деген айып тағып отыр. Оның ісі қаралатын сот отырысы наурыз айының соңында өтуі тиіс.

Der Standard газетінің дерегі бойынша, айыпталушы Хомсадағы босқындар лагерінде өскен, азаматтығы жоқ Палестина тумасы болып шықты.

Австриялық БАҚ-тардың жазуынша, күдікті босқындарға арналған Австрия орталығындағы өз көршілеріне ислам содырларының қатарында соғысып, үкіметтік әскердің сарбаздарын өлтіргенін өзі айтып берген көрінеді.

Айыпталушыға қатысты тергеу жұмыстары өткен жылы басталған.

Ол (есімі аталмауда) өз кінәсін мойындап отырған жоқ. Қорғаушылар оның сол кезеңде ауыр психикалық жарақатты бастан кешіргенін  айтып, сендіруде. 

Соңғы жаңалықтар