Австрияда еуропалық оркестр қазақ музыкасын орындады

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - 26 қазан күні Аустрияның Брегенц қаласында лозанналық (Швейцария) Young Eurasian Soloists (YES) камералық оркестрінің концерті өтті, деп хабарлады Еуразия мәдениет қорының баспасөз қызметі.

«Қазақстан маржандары» жобасы аясында ұйымдастырылған концерт бағдарламасында Құрманғазы, Т.Қажығалиев, Е.Қанапиянов, А.Серкебаев, Н.Тілендиевтің туындылары ойналды. Концерт үлкен табыспен өтті. Аустриялық қоғам танымал оркестрдің өнерін әсерленіп қабылдады. Шараны Қазақстанның Аустриядағы елшісі Қайрат Сарыбай ашты. Концерттік бағдарлама аяқталған соң да қалың көрермен музыканттарды жібермей қойды, «Браво» деген үндеулерден кейін оркестр тағы да аспаптарын қолға алды.

Бұған дейін Tengrinews.kz Young Eurasian Soloists (YES) құрамында жас та болса музыка әлеміне танымал аспапшылардың бар екенін хабарлаған еді. Ұжымда Швейцария, Италия, Германия, Франция, Венгрия, Польша, Латвия және Ресей мен Жапония елінің өкілдері бар. Оркестрдің көркемдік жетекшісі танымал қазақстандық скрипкашы, Г.Венявский және Д.Ойстрах атындағы халықаралық байқаулардың лауреаты, Тарлан сыйлығының иегері Шернияз Мұсахан.
null

2015 жылы Young Eurasian Soloists камералық оркестрінің құрылуы музыка әлеміндегі айтулы оқиға болды. Қазір ұжым Еуропадағы түрлі фестивальдер мен жобалардан шақырту алып жатыр. 2015 жылдың қазан айында оркестрдің Цюрих пен Берндегі концерттері жоғары деңгейде өтті. 2016 жылдың тамыз айында оркестр беделді Sion Fest еуропалық фестиваліне қатысты. Аталған мәдени форумға YES камералық оркестрін шақырудың өзі Еуропа музыкасүйер қоғамының жас ұжымды мойындағанын білдіреді.

Өз кезегінде Монако ханшайымы Каролина Мюрат YES оркестрін 2017 жылы қаңтар айында Гштад (Швейцария) қаласында өтетін жаңа жылдық музыка фестиваліне шақырды.

null  

Соңғы жаңалықтар