Австралияда жеңіл моторлы ұшақ сауда үйіне құлады

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Австралияның Мельбурн қаласы маңында кішігірім ұшақ апатқа ұшырап, сауда үйіне құлаған, деп хабарлады Рейтер агенттігі полицияға сілтеме жасап.

«Әзірге зардап шеккендер туралы еш ақпарат жоқ», - деп мәлімдеді полиция.

Апат Эссендон әуежайы маңында болған.

БАҚ өкілдерінің хабарлауынша, бес орынды ұшақ құлаған орынға өрт сөндірушілер келген.

Соңғы жаңалықтар