Австралияда тышқандар қаптап, егінге қауіп төнді

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Ауа райының қолайлы  және егіннің бітік өсуі Австралияның астық тұқымдастарды өсіретін аудандарында тышқандар таралымының күрт өсуіне жол ашты, деп ескертеді ғалымдар.

Елдің Ғылыми және қолданбалы зерттеулер мемлекеттік бірлестігінің дерегіне сүйенсек, Виктория мен Оңтүстік Австралия штаттарында биыл тышқандар саны ас көп болып отыр.

Егер бір гектарға 1 мыңнан астам кеміргіштен келетін болса, онда қауіп деңгейі жоғары болмақ. Гектарына бес тышқан сай келсе ол қалыпты болып саналады, деп хабарлайды BBC. Егер кеміргіштердің тамағы жетерлік болса, жақын айларда олардың саны қауіпті деңгейге дейін көбеюі мүмкін, деп ескертеді ғалымдар.

Тышқандарды Австралияға еуропалықтар алып келген. Мұнда олардың табиғи жаулары болмағандықтан, саны күрт өсуде. 

Соңғы жаңалықтар