Ауызашарға имам шақыру заңға қайшы бола ма?

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Қазақстан Республикасында әзірленіп жатқан терроризм мен экстремизмге қарсы күрес жөніндегі заң жобасы діни мекемелерден тыс кез келген формада уағыз жүргізуге тыйым салмақ.

«Біздің зерттеуіміз бойынша, жалпы, халықтың білуі бойынша, қазір жат діни ағымдар жастарды діни мекемелерден тыс жерде әңгімеге тартып, уағыздарын айтады. Мешіттер тиісті талапқа сай, әрине, жат ағымды насихаттамайды. Бірақ, терроризм мен экстремизмге қатысты уағыз жеке пәтерлер мен заңсыз діни жиналыстарда көп айтылатыны анық. Жаңа заңға енгізілсін деп айтылып отырған бұл норманы Қазақстан мұсылмандарының діни басқармасы ұсынып отыр, яғни, уағыз тек мешітте айтылуы керек. Ал, өзге жерлердің бәрінде айтылған уағыз заңсыз деп танылуы керек. Заңға осы норма енгізілсе, пәтерлерінде, мешіттен тыс кез келген жерде бір топ адамды жинап, уағыз жүргізетіндер жазаланатын еді»,-дейді ҚР Дін істері және азаматтық қоғам министрлігі дін істері комитетінің төрағасы Ғалым Шойкин.

«Сонда, ауызашарға имам шақырып, Құран оқыту, артынша, дін туралы пікір алмасу уағыз айту болып санала ма?» деген сұраққа жауап берген Ғ.Шойкин: «Қазақтың дәстүріне сәйкес, отбасымызды жинап, құран оқытамыз, ауызашар береміз. Имам келіп Құран оқиды, дін туралы айтады. Бірақ, бұл уағыз деуге жатпайтын мәселе деуге болады. Себебі, күнде ауызашар беріп, күнде Құран оқытпайтынымыз анық. Яғни, бұл бір реттік шаралар. Біз тыйым салғымыз келетін уағыз - ол жат ағымдардың жүйелі жұмысы»,-деп түсіндірді.

Соңғы жаңалықтар