Ауыр атлетші Карина Құзғанбаева Азия чемпионатында «алтын» алды

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Қазақстандық Карина Құзғанбаева жасөспірімдер мен қыздар арасында 69 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде ауыр атлетикадан Азия чемпионатында «алтын» жүлдені жеңіп алды, деп хабарлайды «ҚазАқпарат» ХАА тілшісі Ауыр атлетика федерациясының баспасөз қызметіне сілтеме жасап. 

16 жасар спортшы қыз қоссайыста 200 (90+110) келі көтеріп, ересек қатысушылар - 20 жасқа дейінгі юниорлар мен қыздар арасында үздік үштікке кіруге мүмкіндік берді.

Еске салайық, Азия біріншілігі 24 шілде күні Катмандуда (Непал) басталды. Қазақстанның атынан аталмыш чемпионатқа 7 спортшы қатысуда. Жақында ғана Анатолий Савельев жастар арасында 62 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде жеңіске жетіп, юниорлар арасында екінші орынды иеленді. Бүгін Азия чемпионатының тұғырына бірден төрт қазақстандық спортшы шығады:

Юниор Құмарбекова Гүлжан (75+/90+ кг, Б тобы) 12.15 Ю*
Муптильда Айзада (90+ кг, А тобы) 16.15
Макеев Михаил (77 кг дейін, А тобы) 18.15
Бектай Асылжан (77 кг дейін, А тобы) 18.15 Ю*
Ю* - 17 жасқа дейінгі жасөспірімдер мен қыздар.

null 

Соңғы жаңалықтар