Ауыр атлетші Азия чемпионатында екі медальге ие болды

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Катманда (Непал) өтіп жатқан Жастар мен жасөспірімдер арасындағы Азия чемпионатының бірінші жарыс күнінде Қазақстан құрамасы бірден екі медальге ие болды, деп хабарлайды Ауыр атлет федерациясының баспасөз қызметі.

«Жасөспірімдер арасында 62 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде қазақстандық ауыр атлет Анатолий Савельев 280 (128+152) келіні көтеріп, топ жарды. Бұл көрсеткіш оған 20 жасқа дейінгі жасөспірімдер - ересек қатысушылар арасында «күміс» жүлдені әкелді. Ол тек қытайлық Сяо Циминге 287 (137+150) келі есе жіберді», - делінген хабарламада.

Бүгін 18.15-те 69 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде (А тобы) Азия Чемпионатының тұғырына 17 жастағы Қазақстан өкілі - Құзғанбаева Карина шығады.

Соңғы жаңалықтар