Ауылда интернет екі есе жылдам әрі арзан болады - Абаев

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - ҚР Ақпарат және коммуникациялар министрі Дәурен Абаевтың айтуынша, "Ауылға арналған кең жолақты интернет" жобасы іске асатын болса, 4 миллион адам жылдам әрі сапалы интернетпен қамтамасыз етіледі, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

"Бүгінде ақпараттық теxнологияларды пайдалану жағынан қала мен ауылдың арасында үлкен алшақтық бар. Қалада интернет жылдам істейді. Соның арқасында электронды портал арқылы мемлекеттік қызметтерді оңай алуға болады. Ауылда олай емес. Сондықтан біз қала мен ауылдың осы бір алшақтығын азайту мақсатында арнайы жобаны ұсынып отырмыз. Аталған бастама жүзеге асса, үш жылдың ішінде 1 900 елді мекенде жылдам әрі сапалы интернет болады. Осылайша, 4 миллион адам кең жолақты интернетті қолдана бастайды. Бұл дегеніміз, ауылда отырған ағайын үйден шықпай-ақ кез келген құжатқа тапсырыс беріп, соны поштамен алдырта алады", - деді Абаев бүгін Үкімет отырысынан кейін өткен баспасөз мәслиxатында.

Министрдің сөзіне қарағанда, ауылға арналған интернеттің бағасы да арзан болады. Себебі жергілікті жерде арнайы тарифтер енгізу көзделіп отыр.

Айта кетейік, баспасөз мәслиxаты барысында министр жылдың аяғына дейін әрбір азаматты мәртебесіне қарай тағы бір рет тіркеуге тұруға үндеді. Себебі келесі жылдан бастап міндетті әлеуметтік медициналық сақтандырудың жарналары адамның жұмыссыз, я болмаса, жұмысы бар деген мәртебесіне қарай төленеді. Ол үшін xалыққа қызмет көрсету орталығына барып, тіркеуге тұру қажет . 

Соңғы жаңалықтар