Ауыл шаруашылығы саласына жаңа техникалар қажет – АШМ

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Қазақстандағы ауыл шаруашылығы техникаларының 80 пайызы 17 жыл бұрын қолданысқа енгізлген. Сектордағы өзекті мәселені ҚР Ауыл шаруашылығы министрі Өмірзақ Шөкеев министрліктің алқа мәжілісінде көтерді, деп хабарлайды «ҚазАқпарат» ХАА тілшісі.

«Техникамыз жоқ болса ауыл шаруашылығы саласындағы өнімділікті қалай арттырамыз. Техниканың жаңартылу деңгейі 3 жыл бұрын ғана 6 пайыз болатын. Қазір 2 пайыз ғана болып қалды. Бұрын 5 мың техника әкелінсе, қазір бұл көрсеткіш 2 мың ғана болып тұр. Лизингтің пайыздық көрсеткіші - 18 ғана. Бұған кім шыдайды?» - дейді министр.

Өмірзақ Шөкеевтің айтуынша, ауыл шаруашылығы саласына ең бастысы техника болса болды.

«Лизинг пен техникаларды алып келу бойынша инвест-субсидиялар жағына бағытты бұрғалы жатырмыз. Біздің салаға бәрібір - ең бастысы тиімді техника болса болды. Беларусьтан келсін, Джон Дир компаниясы болсын - бізге қандай айырмашылық бар? Бізге үздік техникаларды сатып алу керек. Онсыз ешқандай өнімділік артпайды», - дейді ол.

Министрдің сөзінше, бір ғана Джон Дир техникасы Қазақстандағы ескі 8 техникаға татиды.

«Техникалардың 80 пайызы 17 жылдан бері пайдаланылып кеелді. Мұндай техникалармен еңбек өнімділігін қалай арттыруға болады», - дейді АШМ басшысы.

Соңғы жаңалықтар