Ауыл шаруашылығы министрлігі ет бағасының өсуіне түсінік берді

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Қазақстан еттің экспортын арттырған кезде ішкі нарықтағы баға өсуі мүмкін. Бүгін Үкіметте өткен баспасөз мәслихатында ҚР Ауыл шаруашылығы бірінші вице-министрі Қайрат Айтуғанов осылай мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат. 

Баспасөз мәслихаты барысында тілшілер тарапынан еліміздің өңірлерінде еттің бағасы қымбаттағаны айтылып, бұған не себеп болғандығы туралы сұрақ қойылды.

«Баға өссе (ауыл шаруашылығы өнімдеріне), министрілікті және ауыл шаруашылығы тауарларын өндірушілерді бұл жағдай қуантады. Себебі шаруалар өнім өндіретіндер тауарларын қымбаттырақ өткізуге мүмкіндік алады. Атап айтқанда, баға бойынша өңірлерде әралуандық байқалады, бүгінде бағаларға күнделікті мониторинг жүріп жатыр»,-деп тоқталды ол.

Айтуғановтың сөзіне қарағанда, көктем мезгілінде жаппай төрт түлік малдың төлдеуі жүріп жатқандықтан, еттің көлемі біршама төмендейді. Сондықтан бағаның маусымдық өсімі орын алып отыр.

Бұдан бөлек, тілшілер Қазақстанның аусылдан таза ел мәртебесін алуына орай ет экспортының артуы ішкі нарықтағы бағаның өсіміне қаншалық әсер ететіндігін сұрады.

Өз кезегінде бірінші вице-министр өнім экспорты артса, ішкі нарықта бағаның жоғарылауын ешкім жоққа шағармайтынын жеткізді. Яғни, бұл ретте экспорт тұрақты болса, бағаның өсетіндігі туралы болжам бар. Себебі ауыл шаруашылығы тауар өндірушілеріне тиімді бағамен өндіру қолайлы.

Соңғы жаңалықтар