Ауыл шаруашылығы мамандығын таңдаған жастарға квотаны көбейту ұсынылды

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - ҚР АШМ «Ұлттық аграрлық ғылыми-білім беру орталығы» КЕАҚ Басқарма төрағасы Асқар Наметов агрономия және ауыл шаруашылығына қатысты мамандықтарды бітірген жастарды ауылға тартудың амалын ұсынды, деп хабарлайды «ҚазАқпарат» ХАА тілшісі.

«Ауыл шаруашылығы саласында кадр даярлау мәселесі, әлбетте, өзекті. Неге біздің жастарымыз ауылға барғысы келмейді? Әрине, ең бірінші жалақысы төмен немесе баспанасы болмауы мүмкін. Ең алдымен, мемлекет тарапынан медициналық, педагогикалық және ветеринарлық мамандықты бітірген жастарға ауылдарда қолдау көрсетіледі. Себебі, аталған мамандықтарды бітірген жастарға 3 жыл бойы ауылда жұмыс келуге қатысты заң бойынша тапсырыс берілген. Ал қалған мамандықтар онымен қамтамасыз етілмеген. Сондықтан, біз ауыл шаруашылығы мамандықтарын бітірген жастардың квотасын 30 пайыздан 70 пайызға көтерейік деген ұсыныстарды жолдап отырмыз. Себебі, сонда ғана ауылдарды білікті мамандармен қамтамасыз ете алатын секілдіміз», - дейді орталық төрағасы ОКҚ-да өткен баспасөз мәслихатында.

Оның айтуынша, екіншіден кадрлардың сапасын да көтеру керек. Бұл процесс әр облысқа да байланысты.

«Сараптама көрсетіп отырғандай мектеп бітірген жастар негізінен 4 мамандықты таңдайды. Алдымен медициналық немесе техникалық мамандықты қаласа, үшінші немесе төртінші кезегінде ауыл шаруашылығын қосымша ретінде таңдай салады. Ал нақты ауыл шаруашылығын оқимын деген балалардың жолдары болмай жүр. Себебі, олардың алған балдары жетпей қалып жатыр. Әрине, басқа да мәселелер бар. Екіншіден, үлкен қалаларда оқыған балалар ауылдарға барып жұмыс істеуді қаламайды. Сондықтан, ауылға барғысы келген білімді жастарға сервистік қызмет ретінде қосымша қаражат беретін болсақ, агроном немесе зоотехник ретінде олар ауылдардың өркендеуіне септігін тигізер еді», - дейді Асқар Наметов.

Соңғы жаңалықтар