Ауыл шаруашылығы кооперативтерін құруға айрықша мән беріліп отыр - Жансейіт Түймебаев

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Оңтүстік Қазақстан облысының әкімі Жансейіт Түймебаев өңірде ауыл шаруашылығы салысын дамытудың қадамдарын айтып берді, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«Ауыл шаруашылығын экономиканың жаңа драйверіне айналдыру бағытында нақты шаралар атқарылуда. Жолдауда айтылған негізгі бағыт - кооперативтер ұйымдастыру жұмыстары белсенді түрде жүргізіліп келеді. Бүгінгі күнге облыста 40 мыңға жуық (39 591) үй және фермерлік қожалықтардан біріктірілген 363 ауыл шаруашылығы кооперативтері құрылды. Жерді тиімді пайдалану, суармалы егісті кеңейту бойынша өндіріске жаңа технологиялар, тамшылатып суғару әдісі, жылыжайлар салу, интенсивті бауларды ұлғайту жұмыстарын қарқынды дамытатын боламыз»,-деді Түймебаев Орталық коммуникациялар қызметіндегі баспасөз мәслихатында.

Өңір басшысының сөзіне қарағанда, үстіміздегі жылы егістік көлемі 792,3 мың гектарға, интенсивті бау аумағы 2630 гектарға жеткізіледі. Оның пайымынша, қазіргі таңда интенсивті баулардың тиімділігіне шаруалардың көздері толығымен жетіп отыр. Дәстүрлі баулардан гектарына 40-50 ц өнім алынса, интенсивті баулар 500 - 600 ц дейін өнім алуға мүмкіндік     береді.

«Бұдан бөлек, 493 гектар жерге жаңғақ (2016 жылы 353 га) және алғашқы рет 50 гектар бадам бауларын отырғызу жоспарлануда. Жылыжайлар алаңы 1 323 гектарға жеткізіледі», - деді Түймебаев.

Әкімнің айтуынша, 2017 жылы шағын мал бордақылау алаңдары саны 3 013-ке көбейіп - 12 163, жанұялық сүт фермалар 722 бірлікке артып - 1 938, шағын құс фермалары саны 14-ке артып - 42, балық шаруашылықтары 31-ге жетпек.

2017 жылы ауыл шаруашылығының жалпы өнім көлемі 476 млрд теңгені құрап, өсім 3,7 % деңгейінде болады деп жоспарланып отыр. 

Соңғы жаңалықтар