Аутизмі бар балалардың білім алуына жағдай жасалуда - «Болашақ» КҚ

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Аутизм диагнозы бар әрбір бала мектепте лайықты деңгейде білім алуға қауқарлы. Бұл туралы бүгін Астанадағы «Keruen» ОСО-да Бүкіләлемдік аутизм мәселесі туралы ақпарат тарату күніне орай қайырымдылық науқаны барысында ата-аналар айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Айта кетейік, бұл шара барысында аутизмі бар балалардың барлығымен орта мектептерде білім алуына жағдай жасауға арналған мәліметтер беріліп жатыр. 

Жанна Мерсағатова есімді ата-ана бүгінгі науқанды қолдау үшін арнайы келіп отыр. Оның баласы аутизмі бар балаларға қолдау жасауға арналған бағдарлама бойынша бірінші сыныпта білім алып жатыр.

«Осы шараға ата-ана ретінде қатысып жатырмын. Қайырымдылық науқаны аясында «Болашақ» Корпоративтік қорының ұйымдастыруымен арнайы сөмкелерді дайындаудамыз. Атап айтқанда, Қор аутизмі бар балаларға қолдау жасап, бүлдіршіндерді инклюзивті бағдарламаға енгізуге қажетті жұмыстарды жүзеге асыруда. Яғни, әрбір бала мектепте лайықты деңгейде білім алуға тиісті. Аутизм диагнозы бар әр бала өзгелермен бірдей орта мектепте білім алуға қауқарлы. Ол үшін арнайы бағдарлама іске асырылуда», - деп атап өтті Жанна Мерсағатова.

Шара барысында балалар салған суреттермен безендірілген суреттерді 1 мың теңгеге сатып алуға болады.  Барлық түскен қаражат «Болашақ» Корпоративтік қорының «Әр бала мектепке лайықты» жобасын іске асыруына бағытталады. Негізгі мақсат - ел тұрғындарына аутизм проблемасы туралы барынша ақпарат беру. 

Оның сөзіне қарағанда, қайырымдылық науқаны кезінде жиналған қаржы аутизмге шалдыққан жеткіншектерге қолдауға арналған қорға бағытталады.

«Менің балам осы бағдарлама бойынша бірінші сыныпта білім алып жатыр. Сәйкесінше, жасалған қолдаудың арқасында баламның оқуында айтарлықтай ілгерілеу бар. Сондықтан бүгінгі шарада ата-аналар, мамандар, «Болашақ» Корпоративтік қоры өкілдері бір команда ретінде жұмыс істеп жатырмыз», - Жанна Мерсағатова.

Өз кезегінде «Болашақ» корпоративті қорының директоры Динара Шәйжүнісова демалыс күндері сауда орталықтарына адамдар көп келгендіктен, «Keruen» СОСО-да Бүкіләлемдік аутизм мәселесі туралы ақпарат тарату шешімі жасалғанын жеткізді.

«Сондықтан бүгінгі түрлі шығармашылық әрі ойын түріндегі шаралар арқылы қоғамның назарын аударуды жөн көрдік. Атап айтқанда, аутизм диагнозы бар балалар барлығымен бірдей білім алуға қауқарлы, қоғамдық ортада лайықты деңгейде бейімделе алады.  Сондықтан бұл балаларға тек қолдау жасау керек», - деді Динара Шәйжүнісова.

Еске сала кетейк, жыл сайын осы күні көк шарлар  ұшырылады. Көк түс - ол Autism Speaks атты үлкен қоғамдық ұйымның фирмалық белгісі (2005 жылы негізін қалаған). Сондықтан ұйымдастырылып отырған шараның тақырыбы осы түсте безендірілген.

null 
null null null null null 

null null null 

Соңғы жаңалықтар