Аустрияның газ құбырындағы апат Еуропаның энергетика нарығына әсер етті

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Аустрияда Венаның шығысындағы Баумгартен қаласында газ құбырында жарылыс болып, оның соңы өртке ұласқан. Бір адам қаза тауып, 18 адам жарақат алды, деп хабарлайды ҚазАқпарат Euronews телеарнасы 

Газ тарату терминалына айтарлықтай залал келген. Аустриялық полиция апатты техникалық ақаудың салдарымен байланыстыруда.

Терминалдың Gas Connect Austria компания-операторы газ құбырын автоматты басқарудан өшірді. Соның салдарынан Словакиядағы газ тасымалдаудың негізгі жолы Аустрияда, кейін Италия, Венгрия және Словенияда тоқтатылған.

Gas Connect Austria компаниясының өкілі Андреас Ринофнер қазіргі таңда оңтүстік бағыттағы, Италия бағытындағы газ тасымалдаудың тоқтатылғанын хабарлады.

«Нарықтағы барлық қатысушылар, барлық газ компанияларға осы жағдай туралы хабар берілді. Біз олармен үнемі байланысып отырмыз. Газ тасымалдаудың толықтай қашан қалпына келтірілетінін әзірге айта алмаймыз», - деді ол.

Баумгартендегі газ құбыры Ресей мен Норвегияға газын тарататын ең ірі еуропалық желі саналады. Жыл сайын ол арқылы 40 млрд текше газ өтеді.

Апаттың салдарынан Еуропа энергетика нарығында өзгеріс болып жатыр: Лондондағы сауда барысында газдың құны қымбаттап, кешегі көрсеткіштерден 23 пайызға көтерілген. Газдың қымбаттауына байланысты мұнай мен көмір бағасы да өсті. 

Соңғы жаңалықтар