Аустралиялық компания СҚО-да геологиялық барлау жұмыстарын бастады

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Солтүстік Қазақстан облысының әкімі Құмар Ақсақалов  Ғ. Мүсірепов ауданына іссапары барысында «Iluka Exploration Kazakhstan» ЖШС тау-кен қазу кәсіпорнының қызметімен танысты. Бұл жайлы «ҚазАқпарат» ХАА облыстық әкімдіктің баспасөз қызметіне сілтеме жасай отырып хабарлайды.

«Iluka» - минералды құмдарды іздеу және зерттеумен айналысатын трансұлттық компания. Ол әлемдегі циркон мен рутил өндіруші ең ірі компаниялардың бірі. Биылғы жазда кездесіп, өңірдегі геобарлау жұмыстарының жоспарын талқылаған болатынбыз» - дейді әкім Қ. Ақсақалов.

Зерттеулердің қалай жүргізіліп жатқаны жайлы өңір басшысына компанияның бас директоры Тони Торнтон әңгімелеп берді. «Қазір біз Солтүстік Қазақстанға көп күш жұмсаудамыз. Қостанай облысындағы жұмыстарды жуырда ғана аяқтадық. Компаниямыз минералды құмдарды барлау, жобаларды әзірлеу, өндіріс, маркетинг жұмыстарын жүргізеді және кен өндірілген жерлерді қалпына келтіреді», - деді Тони Торнтон.

Облыс әкімі алғашқы нәтижелер қашан белгілі болатынына қызығушылық танытты. Тони Торнтон оларды қыста алуға болатынына үміт артатынын жеткізді. Егер минералды құмдар табылса, өңірде оларды өңдеумен айналысатын зауыт салынады.

Соңғы жаңалықтар