Аустралиялық бизнесмен Қазақстан туралы: Іскерлік орталықтардың біріне айналады

None
None
БЕЙЖІҢ-СИНГАПУР. ҚазАқпарат - ҚР Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың биылғы Жолдауы Қазақстанның әлемнің өнеркәсіп және іскерлік орталықтарының біріне айналуына мүмкіндік жасайтын стратегия. Бұл пікірді Аустралияның «STARIN Investments and Developments» инвестиция компаниясының президенті Анураг Тукрал (Anurag Thukral) білдірді, деп хабарлайды «ҚазАқпарат» ХАА-ның Қытайдағы меншікті тілшісі.

«Жолдауда белгіленген басты 10 бағыт Президент Нұрсұлтан Назарбаевтың алып стратегиясына негіз болады. Және мақсаты айқын нағыз көшбасшының қуатты ұлтты қалыптастыруға бағытын білдіреді. Жолдаудың басым бағыттары Қазақстан халқының өмірін жақсартатыны дау тудырмайды. Оның жүзеге асырылуы Қазақстанды оның әрбір азаматы халықаралық аренада өзін қазақстандық екенін мақтан ететін алдыңғы қатарлы елге айналдыруы тиіс», - дейді бизнесмен.

Оның айтуынша, Елбасы бастамашыл болған инфрақұрылым және көлік жүйелерін интеллектуалды басқару халықаралық сенімді нығайтуға, коммуникациялық мүмкіндіктерді кеңейтуге және тауарлар мен қызметтердің дер кезінде жеткізілуін қамтамасыз етуге қызмет етуі тиіс.

«Өзара ынтымақтастықтың жоғары деңгейі ұлттық және халықаралық бизнеске деген сенімді арттырады. Тиімді әрі сенімді байланыс, сондай-ақ әлемдік халықаралық, саяси және жаңа технологиялық жүйелерге қолжетімділік Қазақстан компанияларының әлемдік тенденцияларға бейімделуіне септігін тигізеді», - дейді А. Тукрал.

Сонымен қатар, аустралиялық бизнесмен Қазақстан Президентінің азаматтар денсаулығын жақсарту мен әл-ауқатының артуына көп көңіл бөліп отырғанына назар аударып, салауатты ұлт - қуатты ұлт екендігін тілге тиек етті.

Соңғы жаңалықтар