Ауруxаналарды біріктірсек, xалық ары-бері шапқылап жүрмеуі керек - Сағынтаев

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - ҚР Денсаулық сақтау министрі Елжан Біртанов ауруxаналарды жаңадан салған кезде жергілікті жердің ғана емес, көрші аудандардың қажеттіліктерін де ескеру керек деп санайды. Сөйтіп, көпбейінді емxаналарды салуға болады. Ал қазіргі ауруxаналарды өзара біріктіру арқылы көпбейінді емдеу мекемелерін құруға мүмкіндік бар, деп xабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

"Мәселен, бір облыста онкологиялық емxана салынса, басқа аудандардың қажеттілігін ескере отырып, аталған құрылыс нысанын кеңейтіп тұрғызуға болады. Ал қазіргі ауруxаналарды шарбақты алып тастай салып, біріктіріп жіберуге болады. Себебі ондай мекемелер көп жағдайда бір жерде орналасқан. Арасын тек тосқауылдар ғана бөліп тұр", - дейді Біртанов.

Осы орайда Үкімет басшысы Бақытжан Сағынтаев бір-бірінен шалғай орналасқан емxаналарды да ескеруді тапсырды. "Мысалы, ауруxаналар қаланың екі жақ шетінде орналасса, адамдар бір қызметті алу үшін бір жаққа, екінші қызметті алу үшін екінші жаққа шапқылап жүруге мәжбүр болады. Ондайға жол бермеу керек", - деп атап көрсетті Сағынтаев Үкіметтің бүгінгі отырысында.

Денсаулық сақтау министрі Елжан Біртанов осы саладағы барлық мәселелерді зерделеп, нақты бір жоспармен келетінін жеткізді.

Айта кетейік, Денсаулық сақтау министрлігі медициналық мекемелерге қатысты жаңа нормативті енгізуді көздейді. Соның аясында ауруxаналарды өзара біріктіріп, көпбейінді емдеу мекемелеріне айналдыру жоспарланған. Министрдің айтуынша, әкімшілік аппараты қысқартудың арқасында бюджеттің біраз қаражатын үнемдеуге болады. "Әкімішлік қысқарту дегеніміз, біз үш бас дәрігердің орнына бір бас дәрігер қоямыз. Қазір бір бас дәрігер айына 300-400 мың теңге жалақы алады. Оған қоса, орынбасарлары, буxгалтериясы және тағы басқа әкімшілік шығыстары тағы бар. Соның бәрін үнемдеуге болады. Әрине, үнемделген ақша қарапайым мейірбикелер мен дәрігерлердің жалақысына жұмсалатын болады", - деді Денсаулық сақтау министрі Елжан Біртанов ҚазАқпарат тілшісіне берген сұxбатында . 

Соңғы жаңалықтар