Ауа райы
Астана 20 °С
Алматы 17 °С
валюта бағамы
USD 332.80
EUR 390.57
RUB 5.60
CNY 49.88

Ауруханада оттегінің жетіспеуінен 30 бала 48 сағаттың ішінде ажал құшты

Ауруханада оттегінің жетіспеуінен 30 бала 48 сағаттың ішінде ажал құшты
2017 жылғы 12 тамыз 09:08 1572

АСТАНА. ҚазАқпарат - Үндістандағы Горакхпур қаласында әскери ауруханада жатқан 30 бала 48 сағаттың ішінде қайтыс болды.

Балалардың ажал құшуына сырқаттарға берілетін оттегінің жетіспеуі себеп болуы мүмкін деген болжам айтылып отыр. Ақша төленбегендіктен жекеменшік фирма медициналық мекемеге баллондарды жеткізуден бас тартқан, деп хабарлайды NDTV.

Штат үкіметінің мәлімдеуінше, мұндай келеңсіз жағдайда әскери аурухана қолда бар баллон қорын пайдалануға тиіс еді. Бірақ дәрігерлер мұны ескермеген.  

 

 

Басты сөздер: Әлем,
Қате таптыңыз ба? Белгілеп, CTRL+ENTER басыңыз

Пікір қалдыру

Соңғы Пiкiрлер